ҚР ИИДМ: Қазақстан аймақтық транзиттік орталыққа айналады

ҚР ИИДМ: Қазақстан аймақтық транзиттік орталыққа айналады

Қазақстан келешекте аймақтық транзиттік орталыққа айналады. Ол үшін қосымша теміржол инфрақұрылымы мен терминалдық қуатты арттыратын нысандар салу көзделіп отыр. Атап айтқанда, Ресей мен Қытай арасындағы транзиттік экспорттық тасымалды дамыту үшін Достық – Мойынты теміржол учаскесінің екінші жолағының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл Алматы торабына жүктемені орта есеппен 30%-ке төмендетуге мүмкіндік береді. Теңіз тасымалын дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуеті әлі толық пайдаланылмай отыр.

Қасым Тілепов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

– Ақтау портында паром кешенін салу жобаларын жүзеге асырдық. Сондай-ақ оның өткізу қабілетін кеңейту бойынша шаралар қабылданды. Бүгінгі таңда айлақтың өткізу қабілеті шамамен 21 млн тоннаны құрайды. Кез келген жүкті тасымалдауға мүмкіндігіміз бар.