Құрылыс жобаларына 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Ұлытау облысында құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Биыл өңірде 33 жоба
жүзеге аспақ, оларға 20 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазіргі таңда
осы жобалардың 20-сынан астамы толықтай аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді.
Олардың қатарында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, мәдени және спорт
кешендері бар.

