БҰҰ: Қазақстан посткеңестік кеңістікте инвестиция тарту бойынша алдыңғы орында

БҰҰ: Қазақстан посткеңестік кеңістікте инвестиция тарту бойынша алдыңғы орында

2022 жылы Қазақстанға 6 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Бұл Орталық Азия республикалары арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму жөніндегі конференциясының әлемдік инвестициялар туралы есебіне сәйкес Өзбекстан біздің елден кейін екінші орында тұр. Сонымен қатар теңізге шыға алмайтын дамушы 32 елге тікелей инвестиция ағынының 6%-ке артуы байқалады. Олардың қатарында Қазақстан да көш бастап тұр. Қазақстан 7 жыл ішінде жаңартылатын энергия жобаларына инвестиция тарту бойынша әлемнің дамушы экономикалары арасында 5-орынды иеленді. Осы жылдар ішінде бұл көрсеткіш 56 миллиард доллардан асты.