Bloombergnef: Әлемде электр энергиясына сұраныс 29% артады
Әлемде электр энергиясына деген сұраныс алдағы 10 жылда 29 пайызға артады. Ал 2050 жылға қарай тіпті тапшылық 69 пайызға дейін сезілуі мүмкін. BloombergNEF халықаралық орталығы осындай болжамын жариялады. Зерттеуге қарағанда, бұған жасанды интеллект, деректерді өңдеу, көліктердің жаппай электр жүйесіне көшуі мен өнеркәсіптің цифрландырылуы басты себеп болған. Қазақстан да бұл үрдістен қалыс қалмақ емес. Мәселен, Екібастұздағы деректерді өңдеу орталығының ірі кластерін құруға бағытталған Data Center Valley жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ал бұл нысан тұрақты жұмыс істеуі үшін көп қуат көзі қажет. Сондықтан қазір «таза» көмір технологиясына негізделген жылу электр орталықтарының базалық генерацияны қалыптастыруы өте маңызды. Өйткені энергия саласында жүргендер Қазақстанның көмір қоры әлі 300 жылға жетеді дейді.

