6,2 млн гектар жер шаруашылыққа берілді
6,2 миллион гектар ауыл шаруашылық жері жаңа пайдаланушыларға үлестірілді. Қазір шаруалар жерді игеруді бастап кеткен. 2026 жылдың ортасына дейін бос жатқан жерлер өндіріс пен инвестицияға тартылып, жаңа жұмыс орындары құрылуы тиіс. Сонымен қатар, жерді беру және бақылау процестері толығымен цифрландырылып, ашық электрондық жүйеге көшеді. Бұл шаралар жердің тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығын дамытуға зор ықпал етпек.
Еске сала кетейік, Президент соңғы жолдауында үш жылдың
ішінде 13,7 миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын айтқан
еді. Алайда, оның тең жартысы игерілмегенін ескертіп, әкімдіктерге осы жерлерді
тұрақты айналымға енгізуді тапсырған.

