Дүниежүзілік банк қазақстан экономикасына болжам жасады

Дүниежүзілік банк қазақстан экономикасына болжам жасады

Дүниежүзілік банк сарапшылары Қазақстан экономикасының перспективасы алдағы 2 жылда тұрақты өсім көрсетеді деп есептейді. Қаржы институтының жаңа болжамы бойынша еліміздің жалпы ішкі өнімінің нақты жеделдеуі 4,5-5% дейін жетуі мүмкін делінген.


Мамандардың пайымынша, бұндай көрсеткішке жұмыс істеп тұрған кен орындарындағы өндірістердің қуатын кеңейту арқылы қол жеткізуге болады. Бұл өз кезегінде экспорттың өсуіне және 2025 және одан кейінгі жылдарда мұнай-химия саласының өркендеуіне жол ашады. Есепке сай, өнеркәсіптік өндіріс пен тау-кен саласындағы инвестиция тұрақты болады деп күтіледі.

Сондай-ақ баяндамада елдің банк жүйесі әлемдегі геосаяси жағдайға бейімделіп, өзінің тұрақтылығын сақтап отырғаны айтылған. Қаржы институттары сенімді қаржыландыруды және жеткілікті өтімді активтерді сақтай алды. Несиелеуді субсидиялау бағдарламаларының қысқаруы ақша-несие саясатының одан әрі тиімді бола түсуіне оң ықпал етеді.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, негізінен елдің тау-кен өнеркәсібіне шетелдік инвестициялардың ағыны артады.