«Ақтау теңіз порты» экономикалық аймағы - кәсіпкерлерге көп жеңілдік жасалады

«Ақтау теңіз порты» экономикалық аймағы - кәсіпкерлерге көп жеңілдік жасалады

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын дамыту жұмысы күшейтіліп жатыр. Соңғы екі жылда аймақтың аумағы екі жарым есе ұлғайтылыпты. Қатарға биыл Ақтау халықаралық әуежайы, Ақтау қаласының жағалау бөлігі, Жаңаөзеннің өндірістік аймағы және Саржа теңіз терминалы кірген. Экономикалық аймақ бүгінде Маңғыстау облысының дамуының негізгі секторларының бірі әрі Орталық Азияны әлемдік нарықпен байланыстырушы көпіріне айналды. Қазір экономикалық аймақта 54 инвестжоба жұмыс істеп жатыр.


«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан компанияның бірі - «WestEcoPlast». Полипропилен қап пен ыстық температураға төзімді биг-бэктер шығарады. Зауыт өнімі химия, жол құрылысы және тамақ өнеркәсібінде жүк тасымалдау үшін қолданылады. Бүгінде дайын өнім тек Маңғыстауда ғана емес, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында да нарыққа шыққан. Компанияда 100-ден астам адам жұмыс істейді.


Кирилл Демченко, WestEcoPlast» зауытының директоры:

- Көп налогтардан босатуы, нулеовой ставкаларымыз, кіргізіп жатқан оборудованиеміздің томожный пошлина босатуы. Өндірісіміздің мощносты 6 млн штук продукцияға дейін жылына қазіргі таңда мында 4,5-5 млн айналасы. Қарты түрлі размермен шығара аламыз. 25 кг бастап 1,5-2 тоннаға дейін. 4 құлақты қаптарымыз бар, 2 құлақты қаптарымыз бар.


Арнайы экономикалық аймақтың ерекшелігі - кәсіпкерлерге көп жеңілдік жасауында. Яғни Маңғыстауда жобасын жүзеге асырған инвестор корпоративтік табыс, мүлік және жер салығы мен импорт қосылған құн салығы, кедендік баждардан босатылады. Жобаларға толық әкімшілік және техникалық қолдау көрсетіледі.


Мүбәрак Төлегенов - «Ақтау теңіз порты» АЭА АҚ басқарма төрағасы:

- Басым қызмет түрлері өсті, ұлғайды. Қазір 24-45-ке дейін. Оның ішінде барлық жұмыстары инвестор тартуға жұмыстанған. Ол жерге тек қана өндірістік предприятиелер емес, ол жерге туризм саласы қосылды, су, тігін саласы, санаторлы-курорт ашып жұмыстана беруге болады. Оның бәрі өңірге инвестор алып келуге, инвестор жеңіл жұмыс жасауға, әртүрлі салықтардан босатылады және де ұзарту мерзімінен созған, әр инвестор қанша инвестиция құяды сол жеңілдетуге мүмкіндік алады.

Бүгінде экономикалық аймақта отандық кәсіпкерлерден өзге Италия, Түркия, Германия, Әзербайжан, Қытай және Сингапур компаниялары өндіріс ашып, жобаларын сәтті жүзеге асыруда.