TheNeurosphere – шарықтау шегіне жеткен компания

TheNeurosphere – шарықтау шегіне жеткен компания

TheNeurosphere жасанды интеллекттің дамуына үлес қосып, адамдарға ғаламдық мәселелерді шешуге көмектесіп, ғылымда үлкен жетістіктерге жетті.

TheNeurosphere – жетекші ұйымдардың бірі

Адамзат баласы кезіктіретін проблемалар жыл сайын ұдайы өсуде. Экологиялық ахуал нашарлап, планетада үнемі соғыстар тоқтамауда, жаңа аурулар пайда болып, адамдар арасындағы әлеуметтік алшақтық одан сайын айқындала түсуде. Біреулер аралдар мен яхталарды жалға алып жатса, енді біреулер 50 тиын үшін тәулігіне 12 сағаттан жұмыс істейді.

Пулитцер орталығының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандардың саны 1 240 000-ға жеткен. 10 жылдан кейін бұл сан 2-3 есеге өседі. ДДСҰ-ның да статистикасы нашар: 26,174 миллион адам өлімі қант диабеті, безгек, АИВ, қатерлі ісік, вирустар және т.б. аурулардың салдарынан болған. Біз қай жолмен келе жатқанымызды ойланатын кез келді.

Ғылыми ұйымдар, ғалымдар қауымдастығы, зертханалар, ғылыми-зерттеу институттары адамзатқа көмектесудің көптеген жолын қарастыруда. Өмірдің барлық саласында ғаламдық өзгерістер болары сөзсіз екені қазірдің өзінде айдан анық. Сондықтан көптеген ғалым өмірдің барлық аспектісінде көзге көрінбесе де кездесетін және адамдар шынайы болмыс ретінде қабылдайтын ресурс – нейрондық желілерге үміт артып отырғаны таңғаларлық емес. Ол компьютерлік оқытудың негізінде жаcалған құрал, жасанды интеллект алғышарттарының бірі «Нейросфера» ашық қоғамдық бірлестігі – жасанды интеллект жүйесін әзірлеу саласындағы жетекші ұйымдардың бірі. Жоба жаңа, оны 2015 жылы 10 қарашада Белиз қаласында нейрондық желілерді коммерциялық мақсатта пайдалану үшін компьютерлік оқыту мамандары жасаған.

Компьютерлік оқытудың орталықтандырылмаған желісінің бета-нұсқасын 2016 жылы жасап, құрылғанына бірнеше ай өткеннен кейін Theneurosphere LLC ғылымға айтарлықтай үлес қосты.

Компьютерлік оқыту көптеген мәселенің үздік шешімі

Нейрондық желілерді қолдану саласы таңғалдырады: ауқымды деректердің ағынын өңдеу және талдау, сөйлеу синтезі, объектілерді кластерлеу, процестерді оңтайландыру, бейнелерді тану, болжау және т.б. Компьютерлік оқыту инженерия, медицина, геология, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, қаржы, маркетинг және т.б. салаларда кеңінен қолданылады.

Осы құралды пайдаланудың бірнеше мысалы: нейрондық желілер дәрігерлерге қарағанда кардиологиялық және онкологиялық ауруларды анағұрлым дәлірек анықтап, мыңдаған емделушінің өмірін сақтап қала алады.

Компьютерлік бақылау және бейнеталдау жүйелері апаттық жағдайлардың алдын алу үшін қашықтан басқарылатын көлік құралдарында белсенді түрде қолданылады.

Ақаулықтарды іздеу және жою жүйесі енгізілгеннен кейін, өндірістік кәсіпорындарда апаттар саны 50% аса төмендеді.

Антивирус жүйелерін әзірлеушілер компьютерлік оқыту әдісін қауіпті табу және алдын алу, сондай-ақ дерекқорға шабуылдардың жаңа түрлерін анықтау мен болдырмау үшін қолданады.

Өндірістік роботтар кәсіпорындарда, фермаларда, қоймаларда, өнеркәсіптік процестерде сәтті қолданылуда.

Біздің планетаның дамуы, компьютерлік оқытуға негізделген жасанды интеллектке толықтай байланысты. Бұл технология адамзат баласына мүмкіншіліктерін кеңейтуге жол беріп, дамуының жаңа кезеңіне алғашқы қадамы болды.

Сайтқа кіріңіз: https://theneurosphere.com