Бюджетті жоспарлау мәселесі бойынша жиын өтті

Бюджетті жоспарлау мәселесі бойынша жиын өтті

Қаражатты мақсатқа сай бөліп, игеру қажет. Бүгін Мемлекет басшысының жетекшілігімен бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өтті. Оған ел экономикасы мен қаржы секторына жауапты құрылым басшылары түгел қатысқан. Қатарда Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бар. Жиында Ұлттық экономиканың қазіргі жай-күйі, даму перспективасы, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері бойынша баяндамалар жасалды. Президент республикалық және жергілікті деңгейде қаржыны тиімді жоспарлау мен бөлудің маңызды екендігін қатаң ескертті.