2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді. Миланда
еліміздің ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия
Олимпиада кеңесінің президенті Шейх Джоан бин Хамад Аль Тани тиісті келісімге
қол қойды. Осылайша құрлықтық дода араға 18 жыл салып Қазақстанға қайта
оралады. Еске салайық, Алматы мен Астана 2011 жылы қысқы Азиаданы қабылдаған
еді. Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Алматы қаласы қажетті спорттық
инфрақұрылымға, сондай-ақ ірі халықаралық жарыстарды өткізу бойынша тәжірибеге
ие. Оның үстіне экономикалық тұрғыдан да тиімді болмақ. Өйткені жарыстарды
қолданыстағы спорттық нысандарда ұйымдастыру жоспарланып отыр.

