АЭС – энергетикадағы түбегейлі өзгеріс
Энергетикадағы түбегейлі өзгерістер уақыты келді. Осы орайда сала мамандары атом электр станциясының құрылысы электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешетініне сенімді. Бұл туралы Алматыда өткен қоғамдық жиын барысында айтылды. Бүгінде Қазақстан ескірген электр станцияларының проблемасына тап болып отыр. Өткен ғасырда салынған 63 нысан қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді. Сондықтан тұрақты және қуатты атом электр станциясы қажет. Энергетиктер атом энергетикасы бүкіл жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін энергия жинақтағыштарды енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын алға тартып отыр.
Айта кетейік, қазірдің өзінде атом электр станциясын әлем бойынша 32 мемлекет пайдаланады.
Серік Түйтебаев, сарапшы:
– АЭС – ол болашақ энергия. Біздің қазақтар Семейден сонша зорлық көрді. Ол соғыс басқа ядролық жағынан болды. Қазір ядролық энергияның пайдасын жақсы жағынан көруге жағдайымыз бар.
Қажыбек Тергемес, техника ғылымдарының кандитаты:
– Ең үздік технологияға ие Францияда өте көп атом станциясы бар. Жапонияда 53 АЭС бар. Сол елдермен келісіп, олардың технологиясын алып, өзіміздің елде тұрғызуымыз керек. Өйткені өндіріс дамып жатыр.

