3 жылға бюджет бекітілді

3 жылға бюджет бекітілді

Үкімет енді Ұлттық қордан ақша алуды азайтады. Бірақ 3 жыл көлемінде кепілдендірілген трансферт есебінен 2 трлн теңгеден алып отырмақ. Яғни, әлеуметтік жағдайға болмаса, өзге бюджет жыртықтарын министрлер өздері реттеуге міндетті болады. Бүгін Олжас Бектенов бастаған министрлер кабинеті келіп, алдағы 3 жылғы бюджетті бекіттіріп кетті. Әзірге кіріс аз, шығыс көп болып тұр. Сақтық үшін бюджетте доллар бағамы 540 теңге, ал мұнай барреліне 60 доллар деп есептелген.