Орталық Азияның шикізаттық емес секторына 70 млрд доллар инвестиция құйылуы мүмкін

Алдағы 10 жылда Орталық Азияның шикізаттық емес секторына 70 млрд доллар мөлшерінде тікелей инвестиция құйылуы мүмкін. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының алаңында алғаш рет ұйымдастырылған Орталық Азия елдерінің инвестициялық әлеуетінің таныстырылымы барысында белгілі болды.

Айта кетейік, ұйым құрылғалы бері еркін сауда аймақтары құрылып, шекарааралық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Ван Кэвэнь, шетелдегі кәсіпорындарды дамыту бойынша Қытай қауымдастығы бас хатшысының орынбасары:

- Жаңа энергетика саласында ынтымақтастық дамытудың әлеуеті зор. Бұл – жел, күн және су қуаты.  Болашағы зор салалар қатарында жеңіл өнеркәсіп, цифрлық экономикамен байланысты салалалар, шекарааралық электронды сауда, жаңа технологияларды атауға болады.  

Сонымен қатар аспан асты елі компанияларының өкілдеріне аймақтың туризм, ауылшаруашылық пен өзге салалардағы мүмкіндіктері баяндалып, тиісті құжаттарға қол қойылды.

Нұрлан Аққошкаров, Қазақстанның ШЫҰ хатшылығындағы тұрақты өкілі:

- Форум Қазақстан атынан үш ұлттық компания, қатысуымен өтті. Бұл іс-шара ШЫҰ алаңында бірінші рет өтіп отыр, және біздің осы үмітіміз жыл сайынғы инвестициялық бағыт бойынша дәстүрлі іс-шараға айналады деген үміттеміз. 

Жалпы Орталық Азия елдері экономикасының құрылымы бір-біріне ұқсас. Сауда көлемі артып, өзара байланыс нығайып келеді. Форумға қатысушылардың пікірінше, осы артықшылықтарын пайдаланып, қосылған құны жоғары салаларды дамытуға болады.