АДБ Қазақстанның 2023 жылғы ЖІӨ болжамын жақсартты

АДБ Қазақстанның 2023 жылғы ЖІӨ болжамын жақсартты

Азия даму банкі Қазақстан экономикалық өсімі бойынша 2023 жылға арналған болжамын жақсартты. Сәйкесінше, ол 3,7%-тен 3,9%-ке дейін көтеріледі. Ал келер жылы республиканың жалпы ішкі өнімі 4,1% деңгейінде сақталады. Халықаралық қаржы институтының сарапшылары тұрақты ішкі сұраныс ел экономикасының өсуіне негіз болатынына сенімді.