Елімізде дәрі-дәрмек өндірісі артты
Елде дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 95 млрд теңгегеге жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 14,5%-ға көп. Қазір бізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміндегі 107 фармацевтикалық препарат жасалады. Алдағы жылдары дәрінің тағы 178 түрі шығарылмақ. Мұндағы мақсат – дәрі-дәрмекті сырттан тасуды бәсеңдетіп, нарықты өз өнімімізбен толтыру. Қазір 35 отандық кәсіпкермен келісім бар. Бұл тізімге жыл соңына дейін тағы 24 бизнес өкілі қосылады. Олар 5 мыңдай дәрі-дәрмек шығарады.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
– Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде отандық өндірушілерге басым түрде қолайлы жағдайлар жасалды. Осының нәтижесінде, ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 29,5 млрд. теңге сомасына 196 дәрілік заттардың түрлері жеткізілді.

