Әлеуметтік маңызды тауарлар бағасы тұрақты болады – Үкімет

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов азық-түлік бағасын шектеуге баса назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар қазіргі жағдайда іскерлік белсенділікті әрі қарай дамыту үшін индустрияландыру жұмыстарын тиімді жүргізудің экономикаға, әсіресе шикізаттық емес секторға ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша тиімді жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. Бұл ретте шағын және орта бизнесті дамытудың маңызы зор екенін баса айтты.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Қазіргідей күрделі кезеңде экономиканың өсу қарқынын сақтай отырып, әрі қарай жеделдету – аса маңызды міндет. Халықтың табысын арттыру, жұмыс орындарын құру және экономиканы әртараптандыруды барынша күшейту қажет. Бұл үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруда. Сондай-ақ «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасы әзірленді. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдерге осы құжаттардағы іс-шаралардың сапалы және тиімді орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын.

Авторы: Әсел Күшенғалиева