Қ. Тоқаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің Төрағасы және Бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады

Қ. Тоқаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің Төрағасы және Бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады

«Шеврон» компаниясының мұнай-химия саласындағы инвестициялық жобалары мен Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын одан әрі кеңейту. Аталған мәселелер  Қасым-Жомарт Тоқаев пен «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уирттің кездесуінде талқыланды.

Тараптар әлемдік энергетика нарығындағы жағдай туралы пікір алмасты. Президент «Теңізшевройл» компаниясының қосымша 2,6 миллиард текше метр газды ішкі нарыққа бағыттау туралы шешімін құптады.