1,6 млн аса адам 90 күннен асқан несиесін өтей алмай жүр

1,6 млн аса адам 90 күннен асқан несиесін өтей алмай жүр

1 миллион 600 мыңнан астам қазақстандық 90 күннен асқан несиелерін өтей алмай жүр. «Қарызсыз қоғам» жобасының кезекті талдауы осындай қорытынды шығарған. Бұл жайында жобаның жетекшісі Дулат Мыңбаев айтты. Өзгесін айтпағанда, бір Астана қаласының өзінде 116 мыңнан астам азамат банк алдындағы берешегін төлемеген. Осы орайда «Қарызсыз қоғам» жобасының мүшелері халыққа түсіндірме жұмысын жүргізіп, несиені төлей алмаған жағдайда қандай шара қолдануға болатынын айтуда. Мәселен, банкке барып, төлем кестесін кейінге шегеруге мүмкіндік бар. Бүгінде «Қарызсыз қоғам» жобасымен 12 банк бірлесіп жұмыс істейді екен. Қазір банктегі қарызын төлей алмаған 7 мыңнан аса адам өзін банкрот деп жариялаған. 2023 жылдан бері елімізде осындай шара жүзеге асуда. Жалпы Қазақстанда шамамен 9 млн адамның банк алдында қарызы бар.