Жасыл экономика: 7 ірі жоба іске қосылады
Елде құны 2 млрд доллардан асатын 7 ірі жасыл жоба іске асады. Бүгін Қазақстанның Даму банкі алдағы 30 жылға арналған келісімдерге қол қойды. Мұндағы негізгі бағыттардың бірі – жаңа энергия көздерін тиімді пайдалану. Атап айтқанда, Жамбыл облысында жел және су электр станциялары, ал Қызылорда облысында күн электр станциясы бой көтереді. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында жылына 1,5 млн тонна калий тыңайтқышын өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл көмірге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, бұдан бөлек энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және электр желілерін цифрландыру да қарастырылған. Аталған жобалар іске асса, Қазақстан тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, Еуропаға энергия экспорттайтын елдердің біріне айналуы мүмкін.

