Ірі инвестжобалар – дамудың жаңа белесі
Жамбыл облысында бір мезетте бірнеше нысан пайдалануға берілді. Соның бірі - бу-газ электр станциясы. Бұдан бөлек екі зауыт пен кіші өнеркәсіп аймағы да ашылған. Бүгін өңірдің экономикалық дамуына біршама үлес қосады деп күтілген кәсіпорындар журналистерге таныстырылды. Оған Жамбыл облысының әкім де қатысқан. Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.
Құрылысы басталған бу-газ электр станциясы Жамбыл ауданына қарасты Әулиекөл
ауылында орналасқан. Будан энергия өндіреді.
Жылдық қуаты 150 МВт. Ауқымды стратегиялық жобаға қытайлық компания 100
млрд теңгеден астам қаржы құйған. Кәсіпорын толықтай іске қосылғанда 400 жаңа
жұмыс орны ашылмақ.
Сержан Әлімов - «GazEnergyQZ» ЖШС директоры:
- 200 адам жұмыс істейтін болады. Жаңа техънология қытайдың өзінде енді
шығып жатыр, біз жеке компаниямыз. Бұл жасыл энергияны өзіміз әкеліп жатырмыз.
Қуаттылығы бойынша еліміздегі екінші кәсіпорын саналатын «Алель Агро»
жылына 70 мың тонна құс етін өңдейтін
зауытты іске қосты. Жоба құны 20 млрд
теңгеге жуық . Компания жыл соңына дейін қуаты 4600 тонна болатын үшінші құс
фабрикасын пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:
- Кәсіпорын құс өндіру , инкубация, сою өңдеу және дайын өнім шығару кезеңдерінің барлығын бір орталықта біріктірген толық циклды замануи өндіріс. Мұндай құрылым өнімнің сапасын бақылап , халықаралық стандарттарға сай болуына және бәсекеге қабілетті көлемде өндіруге мүмкіндік беріп отыр.
Оған қоса аймақта әк өндіретін зауыт іске қосылды. Сондай-ақ, алғашқы шағын өнеркәсіптік аймақ пайдалануға берілді.
Жыл басынан аймақта құны 1 трлн теңге болатын өнімін шығарылып, 550 млрд теңге
инвестиция тартылған.

