Қазақстанда соңғы 5 жылда жасыл энергиямен қамту он есеге артты

Қазақстанда соңғы 5 жылда жасыл энергиямен қамту  он есеге артты

Қазақстанда соңғы 5 жылда жел және күн станцияларының қуаты он есеге артты. Бүгінгі таңда елімізде баламалы қуат көздерінің 140-тан астам нысаны жұмыс істеп тұр. Оның 43-і жел, 53-і күн, 40 су және 5-уі биоэлектр станциясы. Алдағы уақытта олардың қатары артады деп жоспарланған.

Дәулет Закарьянов, ҚР энергетика министрлігінің басқарма басшысы:

– 2025 жылға дейін біз тағы 49 нысанды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Олардың қуаттылығы 860 мегаватт болады. Бұның арқасында біз қосымша жұмыс орындарын ашамыз, жасыл технологияның үлесін арттырамыз және осы нысандар салынатын аймақтарға инвестиция тартамыз.

Сарапшылардың айтуынша, 2030 жылға қарай еліміздің энергия балансында жасыл энергияның үлесі 15 процентке жетуге тиіс. Қазір бұл көрсеткіш 4 процентті құрайды. Ал 2060-қа қарай Қазақстан көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі керек.