Қазақстан уран экспортынан көшбасшы болып қалды

Қазақстан табиғи уран жеткізушілер арасында әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Республикамыздың үлесіне шикізаттың осы түрінің экспортының 34 процентке жуығы немесе 1 миллиард доллардан астамы тиді. Бізден басқа үздік бестікКЕ Канада, Намибия, Нигер және АҚШ енгенін айта кеткен жөн. Жалпы елімізде 2021 жылы 3,2 млрд долларға табиғи уран экспортталды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 процентке көп. Ал байытылған уран жеткізу Қазақстанда 406 млн долларға өсті. Нәтижесінде елдің үлесі 14,3 процентке жетті.