МАЭК-тегі жағдайға қатысты нақты тапсырмалар берілді

МАЭК-тегі жағдайға қатысты нақты тапсырмалар берілді

«Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында» соңғы аптада үшінші энергоблок екі мәрте істен шығып, салдарынан Ақтауда электр қуаты тапшы болды. Себебі - жабдықтар тозған. Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай комбинатта орналасқан жылу электр станциясына барды. Қазір күрделі жөндеуден шыққан екінші энергоблок сынақ режимінде істеп тұр. Ал, кешкісін толық қуатта іске қосылады.