Қазақстанда шетелдіктердің қатысуымен 4,1 млрд долларға бағаланған жобалар іске қосылады

Қазақстанда шетелдіктердің қатысуымен жалпы құны 4,1 млрд долларды құрайтын 45 жоба қолданысқа беріледі. Олардың жүзеге асуына «KAZAKH INVEST» қолдау білдіреді делінген ел Үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде Ұлттық компания 1950-ден астам өтінішті өңдеп, инвесторлардың қызметіне қатысты визалық мәселелер, жеңілдіктер және заңнама бойынша кәсіби кеңестер берілді. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шетелдік компаниялар үшін Қазақстан өңірлеріне 212 іс-сапар ұйымдастырылды. Олардың аясында салалық министрліктер, әкімдіктер, квазимемлекеттік сектор, қаржылық даму институттары және жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар 13 ірі инвестициялық іс-шара жүзеге асты.