Батыс Қазақстан облысы: 138 шақырым жерге жоғары кернеулі желілер тартылып жатыр
Батыс Қазақстан
облысында электр желілерінің 80 пайыздан астамы тозып тұр. Осы олқылықты реттеу
үшін жергілікті және республикалық бюджеттен 1 млрд 700 млн теңге бөлініп, әуе
желілілері жаңғыртылып жатыр. Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов өңірге
іс-сапармен келіп, өңірдің жылыту маусымына дайындығын көріп шықты.
Стратегиялық нысандарды аралап, жауаптыларға біраз тапсырма беріп кетті.

