ЕАДБ-нің жарғылық капиталдағы Қазақстанның үлесі 37,3% өсті

ЕАДБ-нің жарғылық капиталдағы Қазақстанның үлесі 37,3% өсті

Бұл жөнінде Халықаралық қаржы институты кеңесінің кезекті отырысында белгілі болды. Елордада бас қосқан қатысушылар банк қызметінің ағымдағы мәселелерін талқылады. Былтыр оның инвестициялық портфелі 13,4 млрд долларды құрап, рекордтық көрсеткішті еңсерді. Жалпы құны 2,5 млрд доллар болатын бірқатар жаңа жобаға қол қойылды. ЕАДБ басқарма төрағасы Николай Подгузовтың дерегінше, осылайша халықаралық қаржы құрылымы жобаларының саны 273-ке жетті. Олардың бәрі қатысушы елдер азаматтарының өмір сүру деңгейін жақсарту және инфрақұрылымдық нысандарды қаржыландыруға бағытталған. Қазақстанның Премьер-министрі осы ретте тәуекелдерді басқаруға және Банктің кредиттік рейтингін сақтауға ерекше назар аудару қажеттігін айтты. Сондай-ақ Өзбекстанның Еуразиялық банкттің жаңа қатысушысы атану мүмкіндігі қарастырылды. Бұл тараптар арасында жаңа интеграциялық бастамаларды іске қосуға жол ашпақ.