Қазақстан тауарларының Сербияға экспорты ұлғайтылмақ
Еуразиялық экономикалық одақтың экспорттық аясы кеңейтіледі. Парламент Сенаты одаққа мүше мемлекеттер мен Сербия Республикасы арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімді мақұлдады.
Құжатқа сәйкес, енді осы бірыңғай кеңістіктегі бестіктен Балқан түбегі еліне бірқатар тауар бажсыз жеткізілетін болады. Бұл орайда қазақстандық өнімдердің Сербия нарқына экспортын ұлғайту әлеуеті 250 млн АҚШ долларын құрайтынын атап өту керек.
Екіжақты алысб-еріс есебінде химия және мұнай-химия, машина жасау әрі металлургия, тамақ өнеркәсібі салаларының тауарлары, құрылыс материалдары ескерілген. Жаңа тауарайналымының келісімі Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері негізінде әзірленген.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов