Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады
Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады. Инвестициялық жобаның жай-жапсарын Премьер-министр Олжас Бектенов бельгиялық компаниялар тобының өкілдерімен талқылады. Кездесуде «Нұр жолы» өткізу бекетінің айналма жолын салу жоспары қаралды. Жоба шекара маңы инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға бағытталған. Құрылыс жеке инвестициялар есебінен жүреді. Олжас Бектенов жоба еліміздің көлік логистикасын, сауда және транзиттік әлеуетін дамытуға тиіс дейді.

