Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту тәсілдері қаралды

Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту тәсілдері қаралды

Елде бизнеспен сындарлы диалог орната отырып, қолайлы бизнес-климатты қалыптастыру. Бұл туралы бүгін Үкіметте айтылды. Онда бизнес ортаны жақсарту мақсатында кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірқатар ұсыныс қаралды. Атап айтқанда, бұл – экономика саласында жастар кәсіпкерлігін қолдау, ауылдық жерлердегі бизнестің кадрлық әлеуетін күшейту, салық жүктемесін азайту. Бұл ретте отандық кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың негізсіз араласуынан қорғау қажет. Сонымен қатар министрлер кабинеті отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін субсидиялау жүйесін қайта қарауды және кәсіпкерлікті дамыту шараларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Соңғы тармақтың жауапкершілігі Ұлттық экономика министрлігіне, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүктелді.