Қазақстан көлік саласын дамытуға 40 млрд еуро инвестиция тартуға ниетті

Қазақстан көлік саласын дамытуға 40 млрд еуро инвестиция тартуға ниетті

Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуға Еуропалық инвестициялық банк 500 млн еуро бағыттайды. Қаржы институты мен еліміздің бейінді ведомствосы арасында келесім жасалды. Көлік министрлігінің мәліметінше, қаржылық қолдау Орталық Азияның өзге елдері үшін де қарастырылған. Айта кетейік, Қазақстан - Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің негізгі буыны. Еліміздің тиімді географиялық орналасуының арқасында Еуропа мен Қытай, Шығыс пен Батыс арасындағы транзитте негізгі рөл атқарады. Өткен жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы жүк тасымалдау көлемі 4 млн 300 мың тоннаны құрады. Бұл 2022 жылға қарағанда 25 процентке көп.  

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

- Ең басты мақсат – осы ТМТМ қойылды және қаіргі мүмкіндіктерін талқыладық. Осы басты мақсат кеше Брюссельде болған арнайы Қазақстанға арналған сессия өтті. Онда бүкіл еуропалық кәсіпорындарға, инвесторларға барша мүмкіндігімізді, яғни, жол құрылыс саласына кімдер керек, қандай инвестиция қажет, мына авиация саласында, оған қоса ттеміржол саласында қажетті инвестицияларды атап өттік. 01,59

Жалпы, Қазақстанның Көлік министрлігі алдағы 5 жылда саладағы негізгі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін 40 млрд еуро көлемінде инвестиция тартпақ. Осы уақыт аралығында транзиттік дәліздерді қайта жаңарту, теміржол саласында жаңа магистральдық бағыттар салу, порттарда контейнерлік хаб ашу жоспарланып отыр.  Өз кезегінде бұның барлығы Азия мен Еуропа арасындағы өткізу мүмкіндігін еселей түсуге мүмкіндік береді.