Доллар қымбаттады: сарапшылар пікір білдірді
Елде АҚШ валютасы қымбаттап кетті. Доллар бүгін
496 теңгеден саудаланып жатыр. Сарапшылар валютаның нығаюын елдегі бюджет
тапшылығымен байланыстырады. Үкімет осы уақытқа дейін 9,6 трлн теңге салық
жинауы тиіс еді, әзірге қазынаға 7,3 трлн теңге ғана түскен. Десе де, Ұлттық
экономика министрлігі өкілдері «девальвация болады деп қауіптенудің қажеті
жоқ», дейді.