Салық төлеушілердің 70 пайызы жеңілдетілген режимді қолдана береді
«Бизнес қосылған құн салығын төлеу құқығын өзі таңдады» - Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин осылай деп, Салық кодекісіне қатысты шыққан соңғы түсініспеушілікке қатысты түсіндірме жасады. Бүгін Сенатта Кеден кодексіне жасалған өзгертулер талқыланған еді. Үкімет өкілінің айтуынша, бұл өзгеріс ешқандай әлеуметтік-экономикалық қиындықтар мен дағдарыстарға әкелмейді. Керісінше шағын кәсіпте жүргендердің өздеріне таңдау құқықығын беріп отыр. Алайда кейбір кәсіпкерлер бәрібір салық жеңілдіктерінен қағылуы мүмкін. Ол енді іштей қызметтеріне қарай іріктеледі. Дегенмен, шағын бизнесте жүргендердің шамамен 70%-ы жеңілдетілген салық режимін қолдана береді. Вице-министрдің сөзіне қарағанда әзірге нақты тізім шыққан жоқ. Тек бұл 318-ге жуық қызмет түріне қатысты деп көрсетілген. Атап айтсақ, жылжымайтын мүлік пен көлікті жалға беру, тұрмыстық қызмет көрсету, жеке медициналық кабинеттер, қонақүй, кемпинг, мейрамхана, кафелер, шаштараз, сұлулық салондары, шағын дүкендер, мектепке дейінгі білім беру мекемелері секілді.

