Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында 34 қазақстандық көлік сатып алды

Бүгінгі күні жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында 34 қазақстандық көлік сатып алды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифинг барысында  «Өнеркәсіпті дамыту қоры»  басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева мәлімдеді. Оның айтуынша, бағдарлама басталғаннан бері 14 507 өтінім қабылданып, 4 834 адамға мақұлданған. Осылайша бөлінген 100 млрд теңгенің 35,7 млрд теңгесі жұмсалып үлгерген.

Жанар Ибрашева, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары:

– Жалпы, қаражатты алғашқы игеру кезінде 10 мыңнан астам азаматқа автокөлік беру жоспалануда. Бұл бағдарлама револьверлік тетікке ие екенін атап өткім келеді. Яғни, егер азаматтарымыз алғашқы кезекке тұру кезінде автокөлік алуға үлгермесе, онда олар бұған дейін алып үлгерген азаматтардан түскен қаражаттан кейін қайта өтініш беріп, көлікті болуға мүмкіндігі  бар. Ол 1-2 айдан кейін жүзеге асыралатын болады. Бағдарлама жүзеге асыру кезінде азаматтардан келіп түскен өтініштердің қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктерге шот ұсыну үшін автомобильдердің ВИН коды болуы шарты жойылды. Бұл енді ВИН кодсыз жеңіл әрі тез өтініш беруге болады дегенді білдіреді.

Айта кетейік, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы Қазақстанда 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Соңғы 7 жылда бағдарлама аясында 29 650 азамат жаңа көлік иесі атанған.