Еуроодаққа бидай экспорты артты

Еуроодаққа бидай экспорты артты

Қазақстан - еуроодаққа бидай экспорттаушы елдердің ішінде екінші орында. Тамыз айында еуропа елдеріне 38 мың тоннадан астам бидай жөнелткен. Осылайша, Түркияны озып, үздік үштікке енді. Біздің алдымызда Канада ғана. Төртінші орында АҚШ орналасқан. Бестікті Австралия түйіндейді. Қазақстаннан ең көп бидай сатып алатын елдердің көш басында - Италия тұр. Жалпы биыл 548 мың тоннадан астам бидайдың қатты сұрпы шетелге сатылған. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 57 пайызға көп.