Ет өңдеу зауыты салынады
Болгар бизнесмендері еліміздің оңтүстік өңірінде ет өңдеу зауытын салады.
Жоба құны: 20 миллион еуро. Мұндай келісім бүгін Елдорда өткен
Қазақстан-Болгария бизнес форумында жасалды. Бұдан бөлек, болгариялық
серіктестермен ет пен сүт өнімдерін, бал, өсімдік майын өндіруде
ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр. Бизнес-форумға екі ел басшылары да
қатысты. Президент елімізде жұмыс істегісі келетін Болгария компанияларына
қолайлы жағдай жасауға дайынбыз деді. Және елдер арасындағы байланысты
жандандыратын салалар ретінде көлік-логистика, жаңартылатын энергия салаларын
ерекше атады.

