IMF: ЖІӨ көрсеткіші бойынша Қазақстан 71-орында

IMF: ЖІӨ көрсеткіші бойынша Қазақстан 71-орында

2031 жылға қарай Қазақстандағы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі 23 мың долларға дейін жетуі мүмкін. Мұндай болжамды Халықаралық валюта қоры жариялады. Қазір IMF тізімінде ресми Астана 17,5 мың доллармен 71-орында тұр. Халықаралық қаржы институтының зерттеуіне қарағанда, алдағы бес жылда Қазақстан экономикасы кемі 32 пайызға өспек. Сөйтіп, 68-сатыға көтерілуі мүмкін. IMF рейтингінде көрші ел Ресей 69-орында. Мұнда жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 18,53 мың долларға тең. Қытай 14,87 мың доллар көрсеткішімен 78-сатыда тұр. Өзбекстан 4,66 мың доллармен 131-орында болса, Қырғызстан 142-орында. Мұнда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі 3,2 мың долларды құрайды. Бұл рейтингте 226,81 мың доллармен бірінші орында Лихтенштейн тұр.