Қазақстанда мұнай мен газдың жаңа көздері ізделіп жатыр

Қазақстанда мұнай мен газдың жаңа көздері ізделіп жатыр

Қазақстанның бірден үш өңірінде бұрын зерттелмеген аумақтарында мұнай мен газ қорлары барланады. Ұлттық компания мәліметінше, елімізде тарихи материалдардың сараптамаларының үлкен жиынтығы, геологиялық пен геофизикалық ақпарат пен бассейндік модельдеу жұмыстары жасалды. Нәтижесінде, геологиялық барлау саласын дамыту жұмыстары әлеуеті мол болуы мүмкін, бірақ бұрын-соңды зерттелмеген аумақтарға бағытталады.


Сәйкесінше, Қазақстандағы негізгі мұнай-газ бассейнінің жанындағы 5 жаңа аумақта әлеуеті зор учаскелер анықталды. Оның біреуі – Ақтөбе облысында, екіншісі – Батыс-Қазақстан аймағында және үшеуі – Маңғыстау өңірінде. Қазір оларды екі жыл бұрын алынған геологиялық зерттеу рұқсатнамасына сәйкес зерттелуде.


Бүгінде далалық сейсмологиялық барлау жұмыстары 3 учаскеде аяқталып, одан алынған нәтижелерді өңдеу басталды.