Қазақстандық компаниялардың акциялары құлдырады
Жыл басынан бері Қазақстан қор биржасындағы бірқатар компанияның акциялары арзандады. Айталық, KASPI, Air Astana бағасы 10 пайызға дейін төмендеген. Сондай-ақ, KEGOC пен Қазатомөнеркәсіптің құнды қағаздары да құлдыраған. Акцияларының бағасы өскен компаниялар да бар. Мәселен, Банк Центр Кредит акциялары 23,1%-ға, ал «Қазақтелекомның» құнды қағаздары 4,7%-ға қымбаттады. Сарапшылар бұл өзгерістерге бірнеше негізгі фактор әсер етіп отырғанын айтады. Әлемдік нарықтағы тұрақсыздық, шикізат бағаларының құбылуы және геосаяси тәуекелдер инвесторлардың сеніміне ықпал етуде. Сонымен қатар, ішкі макроэкономикалық жағдай мен қаржылық саясаттағы өзгерістер де белгілі бір рөл атқарады.

