2023 жылы Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады

Олардың жалпы сомасы 58 млрд теңгеден асады.

Бұл туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Министрлік алдағы жылдары жалпы құны 6 трлн теңгеге жуық 100-ге жуық инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын да атап өтті. Химия өнеркәсібіне байланысты жобалардың едәуір бөлігі Жамбыл облысына тиесілі. Өңірде 16 нысан іске қосылады деп күтілуде. Олардың дені минералды тыңайтқыштар мен бейорганикалық химия өнімдерінің өндірісіне арналған. Сонымен қатар 13 жоба Маңғыстау облысында да жүзеге асырылмақ. Аймақта жасыл сутегі, аммиак, карбамид және биопротеин өндіретін зауыттар іске қосылмақ.

Айта кету керек, 2022 жылы Қазақстанның химия өнеркәсібінде жалпы құны 54,5 млрд теңгеден асатын 10 жоба іске қосылды.