Құны 500 млрд теңге болатын 12 ірі жоба іске қосылған

Құны 500 млрд теңге болатын 12 ірі жоба іске қосылған

1,9 трлн теңге инвестиция тартылып, 500 млрд теңгелік 12 жоба іске қосылған. Бұл Алматыда биыл атқарған шаруасының бір легі ғана. Осының нәтижесінде жаңа өндірістер ашылып, инфрақұрылымның дамуына арта түскен. Енді алдағы 5 жылға арналған шаһарды дамыту жоспары бекітіліп жатыр. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды есеп беріп, брифинг өткізді.

Қызметіне кіріскеніне шамамен жеті ай болған қала әкімі алғашқы брифингін өткізіп, алдағы жылдарға арналған басым бағыттарды атады. Сөзіне қарағанда, қала экономикасының өсіміне ең көп үлес қосып жатқан сала - құрылыс, көлік, туризм және өңдеу өнеркәсібі. Сондай-ақ, жыл ішінде жалпы құны шамамен 500 млрд теңге болатын 12 ірі инвестициялық жоба іске қосылыпты.

Дархан Сатыбалды, Алматы қаласының әкімі:

- Бізде индустриялық аймақты кеңейту жоспары бар,2-3 кезеңі. Қазыр сол 2 кезеңін бастап кеттік сол екінші кезеңінде қазыр бізде ОРГС? Деген компания 200 миллион доллардан астам қаржы тартып, сол жерде мульти брендтік автокөлік шығаратын завод басталып отыр. Одан бөлек бізде, бағанағы айтқандай мусорды жағатын қытайлық инвестор 280 миллион долларға жуық сол мусорды, мусор қалдықтарын өңдейтін заводтың құрылысы басталады. Сол сияқты, және бір қытайдан кедетін 100 миллион долларға, ол бізде ол мынау машинная колодкалар деп айтымыз, өзі сол жерде ірі кәсіпкер екен және де оның шығарған бұйымы экспортқа кететін болады.

Жыл басынан бері қаланың негізгі капиталына 1,9 трлн теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға артық. Алдағы бес жыл ішінде Алматының жалпы өңірлік өнім көлемін 70 трлн теңгеге дейін, яғни шамамен екі есеге ұлғайту жоспарланып отыр.

Дархан Сатыбалды, Алматы қаласының әкімі:

- Сырттан келген тікелей инвестиция бізде 4,3 миллиард долларды құрап отыр. Жылдың соңына дейін оны 6 миллиард долларға дейін жеткіземіз деп үміттеніп отырмыз жұмыс жасап отырмыз соған. Енді мен тағайындалғаннан кейін арнайы инвестициялық штаб құрдым осы Алматы қаласында қазыргі таңда біз 8-9 отырысын өткіздік. Ол жерде 80 жуық жобаларды мақұлдадық. 80 жуық шықса, где-то орташа есеппен бір 70%-ы мақұлданған. Бірақ соны өзі бір 1,5 триллион тенгеге мақұлданып отыр. Ол жерде мына туризм саласы бар, тағы басқалары бар.

Жыл қорытындысы бойынша Алматының жалпы өңірлік өнімінің өсімі 6,4 пайыз деңгейінде күтіледі. Әкімнің айтуынша, басты мақсат– ұзақ мерзімді инвестициялар тарту, жаңа даму бағыттарын қалыптастырып тұрғындар мен бизнеске қолайлы қала құру.

Авторы: Гүлзат Сақ