Дүкендегі тауардың 50% отандық өнім болуы қажет

Дүкендегі тауардың 50% отандық өнім болуы қажет

Енді дүкен сөрелерінің тең жартысын қазақстандық тауарлар толтырады. Үкімет импортты алмастыру бойынша осындай жоспар құрып, отандық өндірушілердің үлесін арттыру үшін бағдарлама құрғалы отыр. Бұл шара Президент Жолдауында айтылған тапсырмалардың бірі. Сонымен қатар, сапасыз әрі қауіпті өнімдердің нарыққа өтіп кетпеуі де бақыланбақ. Мәселен, биыл 47 мыңнан астам көлік тексеріліп, мыңнан аса жалған тауарға берілген құжаттың күші жойылды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, мұндай қадамдар ішкі нарықты қорғап, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік беруі тиіс.