2023 жылы Қазақстанның шикізаттық емес экспорты 35 млрд долларға жетті

2023 жылы Қазақстанның шикізаттық емес экспорты 35 млрд долларға жетті

2023 жылы Қазақстанның шикізаттық емес тауарлары мен қызметтерінің экспорты артып, 35 млрд долларға жетті. Сырт елдерге өңделіп жөнелтілген отандық өнімдердің жалпы құнымен қатар көлемі де өсті. Былтыр 141 жаңа позиция қосылып, экспортталатын шикізаттық емес тауарлар саны 3375 жетті. Тасымалдау географиясы да кеңейіп, 134 елге дейін ұлғайды.


Еліміздің Сауда және интеграция министрлігінің дерегінше, Қазақстан экспортты дамыту үшін 5 бағытта іс-шаралар жоспарын құрған. Ол экспорттық операцияларды басқаруды орталықтандыру, отандық өнімдердің брендін ілгерілету және экспортқа бағдарланған жобаларға инвестициялар ағынын арттыруды қамтиды.