Қазақстаннан өңделген тауар экспорты 34%-ке өсті

7,5 миллиард доллар. 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстаннан өңделген тауарлардың экспорты осындай көлемде болды, деп хабарлайды QazTrade. Айта кетейік, өсім уран, ферроқорытпалар, мыс, ұн, табиғи газ, мырыш және т.б. тауарларды жеткізудің артуы есебінен болды. Жалпы, 4 айда Қазақстанның өңделген тауар айналымы шамамен 19,5 миллиард долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 20 процентке жоғары. Өңделген және тауарлық сауданың жалпы көлеміне келетін болсақ, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде ол 39,7 млрд долларды құрады.