Цифрлық сервистер халықаралық тасымалға серпін береді
Жұмыс баяу! Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын биылдан қалдырмай аяқтауды тапсырды. Теңіз транзитінде де кем-кетік жоқ емес. Ақтау мен Баку арасында контейнер таситын 6 кемені сатып алу рәсімі созылып кеткен. Премьер-министр жұмысты жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ, Президент тапсырмасымен отандық әуе компанияларға авиоотын арзандаған еді. Қазір әуежайларда бір тонна керосин 800 доллардан саудаланып жатыр. Бағасы көрші елдермен салыстырғанда төмен. Соның нәтижесінде ел нарығына шетелдік компаниялар келе бастады. Бұдан бөлек, Олжас Бектенов «Бақты-Аягөз» теміржол желісінің құрылысына көңілі толмайтынын ашық айтты. Себебі, техника мен жұмыс күші жеткіліксіз. Бұл жобаның қарқынын баяулатып отыр.
Сәбит Рамазанов,
ҚР Көлік министрлігінің басқарма басшысы:
- Бұл жобаның
ұзындығы 303 шақырым және қосымша 17 млн тоннаға дейін жүк тасымалдау
жоспарланып отыр. Аталған учаске аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Қытай Халық
Республикасы арасында үшінші шекаралық өткел ашу көзделген. Жобаны 2027 жылдың
желтоқсанында аяқтаймыз.

