Қазақстан, Әзербайжан және Грузия бірыңғай көлік компаниясын құрады

Қазақстан, Әзербайжан және Грузия бірыңғай көлік компаниясын құрады

Қазақстан, Әзербайжан және Грузия мемлекеттері Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы ортақ жүк тасымалы компаниясын құруға кірісті. Осылайша Еуропа мен Қытай арасында тасымалдардың бірыңғай тарифтер бойынша өтуін қамтамасыз етеді. Қазір тараптар барлық процестерді, оның ішінде әкімшілік рәсімдерді барынша жеңілдету мәселелерін қарастыруда. Бүгінде ортақ ережелер құрылып жатыр. Мақсат – әкімшілік кедергілер мен жол машақатын шешу. Қатынау уақытын қысқартып, жеткізілім сапасын арттыру.  

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі
Ол Астана халықаралық қаржы орталығында тіркеледі деп шешім қабылданды. Ол компания жүктердің өтуіне бірыңғай тариф береді. Ол тариф 5 жылға қалатын болады. Яғни, соның уақытылы өтуін қамтамасыз ететін болады. Жалпы басталған уақытта ол көлік дәлізі бойынша жүк Азиядан Еуропаға 53 күн алатын еді. Қазір 18 бен 20 күнге дейін қысқартылды.  Алдағы уақытта біздің мақсатымыз 15 күнге дейін қысқарту. 

Жалпы Транскаспий халықаралық көлік бағытына деген сұраныс артып келетіні байқалады. Мәселен тек Қазақстан аумағы арқылы өтетін жүк көлемі жыл сайын екі есе өсіп жатыр. Былтыр Ақтау мен Құрық теңіз айлақтары да орта дәлізге 1,6 млн тоннадай жүк жөнелтілді. Биыл оның көлемін 3,5 млн тоннаға жеткізу межеленген.