Қазақстан АӨК өнімдерінің экспортын ұлғайтты

Қазақстан АӨК өнімдерінің экспортын ұлғайтты

Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын ұлғайтты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, өсім алты айда 5%-ті құрады. Ақшалай түрде бұл көрсеткіш 2 миллиард 700 миллион доллардан асты. Өсімдік шаруашылығы өнімі бір миллиардтан астам сомаға, ал мал шаруашылығы - 80 миллион долларға жеткізілді. Өңделген ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты бірінші жартыжылдықта 1,1 млрд құрады. Сыртқы нарықтарға жеткізілетін АӨК-нің үздік 5 өніміне күнбағыс майы, зығыр тұқымы, ұн, арпа және бидай кіреді. Соңғысына келетін болсақ, біздің еліміз 1,3 мың тонна астықтың алғашқы партиясын Қытайдың Шаньдун провинциясына жіберді. Қазақстан бұл өңірге жеткізілімдерді ұлғайтуға ниетті. Айта кетейік, Шаньдун Қазақстанмен сауда көлемі бойынша СУАР, Пекин және Ганьсу провинцияларынан кейінгі төртінші провинция болып табылады. Өткен жылы тауар айналымы 2 млрд долларды құрады. Республиканың астықты жыл сайын жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ аспан асты еліне салқындатылған ет өнімдерін сатуға әлеуеті бар.