Қазақстан 2024 жылы жаңартылатын энергия көздеріне 50 млрд теңге салады

Қазақстан 2024 жылы жаңартылатын энергия көздеріне 50 млрд теңге салады

Биыл Қазақстан жаңартылатын энергия көздері нысандарының құрылысына және оны пайдалануға беру үшін 50 млрд теңге инвестиция салады. Бұл туралы еліміздің Энергетика министрлігі хабарлады.

 

Жалпы құйылатын капиталдың 9 млрд теңгесін жел электр станцияларына бағыттау көзделіп отыр. Сондай-ақ, 13 млрд теңге күн станциясын және 28 млрд гидроэлектрстанцияларын іске қосуға жұмсалмақ.

 

2024 жылы елімізде жалпы қуаты 118 МВт болатын 11 жаңартылатын энергия көздерін өндіретін нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

 

Мәселен, Түркістан өңірінде баламалы қуат көздерін өндіретін 7 нысанның құрылысы басталады. Оның ішінде, 4 күн станциясы және 3 конденсаторлық станция бар. Олар 2025 жылға дейін салынады деп жоспарланған.


Айта кетсек, бүгінде өңірде 21 нысан баламалы қуат көздерін өндіруде. Олардың жалпы қуаты 287 МВт құрайды.