Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның тауар айналымы 700 млн доллардан асты
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында 2021 жылдың 5 айында тауар айналым көлемі 700 млн доллардан асып жығылған. Алдағы уақытта қос тарап үкіметі мен кәсіпкерлері сауданы бірнеше есе ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Айта кету керек, Корея – Қазақстанның бес ірі сауда серіктестерінің бірі. Бүгінде республика таңғы шық еліне мұнай мен мұнай өнімдерін, ферроқорытпаларды, титан мен болат өнімдерін экспорттайды. Ал Кореядан бізге автомобильдер мен тракторларға арналған шанақтары мен басқа да бөлшектері, автомобильдер, косметика өнімдері мен басқа да тауарлар әкелінеді.
Сонымен қатар Корея Республикасы Қазақстандағы ірі 10 инвестордың бірі екенін айта кету керек. Елдің республикаға салған инвестиция көлемі 6 млрд доллардан асады.
Айбек Сағынаев, «QazTrade» АҚ жобаларды дамыту департаментінің директоры:
- Бұл – машина, құрал-жабдық жасау және металлургия сияқты металды көп қажет ететін салалар. Қазақстан мен Корея ел аумағындағы өндірісті оқшаулауды дамытуда ынтымақтастықты кеңейте алады. Бұл тұрғыда автомобиль өнеркәсібіне арналған алюминийден жасалған бұйымдарды жасау сияқты бірнеше жоба бар.