Қазақстанның ұны АҚШ нарығына шықты
Қазақстанның ұны АҚШ нарығына жетті. Алғашқы 50 тоннасы Нью-Йоркке
жеткізіліп, Amazon мен Walmart секілді ірі онлайн дүкендерде сатылымға шықты.
Қазақ ұнының 1 келісі 14 АҚШ доллары, яғни 7500 теңгеге бағаланған. Болашақта
жергілікті танымал дүкен сөрелерінен де
көрінуі мүмкін. Енді Америкаға ай сайын 100 тоннадан астам ұн жеткізеді.
Болашақта қарақұмық, гранола, талқан, шоколад пен какао сияқты өнімдер де
шетелде сатыла бастауы мүмкін.

