Мұнай бағасы күрт қымбаттады: Brent - 126 доллар

Мұнай бағасы күрт қымбаттады: Brent - 126 доллар

Мұнай бағасы күрт қымбаттап, бүгін Лондон биржасындағы маусым айындағы фьючерсте сауда Brent үшін 126 доллармен жасалды. Әйтпесе, мамыр айындағы сауда 119 доллармен жүрген еді. Ал америкалық биржада WTI маркасы 2,7 пайызға өсіп, 111 доллармен есептелді. Мұндай өзгеріске екі фактор себеп болып отыр. Біріншісі – Таяу Шығыстағы жағдайдың күрделене түсуі. АҚШ пен Иран арасындағы келісім тағы жасалмай қалды. Ормуз бұғазы толық жабық тұр. Екінші себеп – Біріккен Араб Әмірліктерінің «ОПЕК ұйымынан шығамыз» деп мәлімдеуі. 1 мамырдан бастап ресми Абу-Даби энергетикалық еркіндік алып, шикізат импорттаушы елдермен жеке келісімдер жасай бастайды. Мұндай құбылыс, әрине, Қазақстан экономикасы үшін жақсы. Бюджет пен Ұлттық қордың кірісі артады. Ұлттық валюта да нығая түспек. 2026-2028 жылдарға республикалық бюджет шикізат бағасын 60 доллар деп бекіткен. Дегенмен, бұл жағдайдығ кері әсері де бар. Мәселен, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің 40 пайызы шетелдік валютамен сақтайды. Демек, табысы азаяды.